Алматыға күн сайын 300 мыңнан астам көлік кіріп-шығады

Мегаполисте 201 тұрақты маршрут бар, оның 147-сі қалалық және 54-і қала маңынан қатынайды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Бұл туралы Алматы қаласы Мәслихатының ХХVІІ шақырылымында қалалық мобилділік басқармасының басшысы Сағындық Телібаев мәлімдеді.

Алматы қаласын дамытудың 2025 жылға дейінгі бағдарламасына сәйкес 30 жаңа қала маңындағы маршрут ашу жоспарланған, оның ішінде 10 маршрут 2023 жылы ұйымдастырылып, Тізбеге енгізілген, 20 маршрут тасымалдаушыларға жүргізуге 2024 жылы берілді. Күн сайын қала аумағына 300 мыңнан астам көлік кіріп-шығады.
Қала аумағына кіретін көлік құралдарының үлкен ағынын қысқарту мақсатында бүгінде қоғамдық көлікті дамытудың шұғыл қажеттілігі туындап отыр. Өз кезегінде, қазіргі кезде Алматы қаласында 201 тұрақты маршрут ұйымдастырылды, оның 147-сі қалалық және 54-і қала маңындағы маршруттар,- деді Алматы қаласы мобилділік басқармасының басшысы Сағындық Телібаев.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Видеодан скрин
Өзгелердің жаңалығы