Алматыға келген шетелдік туристер саны 73%-ға артты
Алматыда бірінші жартыжылдықта шетелдік туристер саны 73%-ға өскені байқалады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Қаңтар мен маусым аралығында қалаға 261 мыңнан астам шетелдік қонақ келді. Ішкі туризм де өсті, ішкі туристер саны 710 мың адамға жетті, бұл өткен жылмен салыстырғанда 14%-ға көп.
Туристердің жайлы демалысы үшін танымал маршруттарда кемпинг аймақтар (Ақбұлақ, ҮАК және Мыңжылқы) құрылды. Шатырлы орындар, жабық беседкалар, үстел-орындықтар, «Алтыбақан» ұлттық стиліндегі әткеншектер орнатылды.
Кіші, Үлкен Алматы, Проходное, Бутаковка шатқалдарын абаттандыру жұмыстары аяқталып, Қарғалы шатқалында жұмыс қолға алынған. Маршрут бойында навигациялық көрсеткіштер, стендтер, қалқандар, тіректер, түрлі-түсті белгілер, беседкалар (әйнектелгендерді қосқанда), демалуға арналған платформалар, көпірлер және т.б. орнатылған.
Алматыда туристердің жалпы саны 972 157 адамға жетті, бұл өткен жылмен салыстырғанда 25,5%-ға көп.