Алматыға бағыт алған ұшақ әуежайға қайта оралған

13 сәуір күні Астана әуежайынан Алматыға ұшып шыққан ұшақ қайта оралды. Ұшақ техникалық себептерге байланысты қайта қонуға мәжбүр болған, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Scat әуе компаниясының баспасөз қызметі "Астана-Алматы" рейсін орындау кезінде баптау жүйесінің индикациясы іске қосылғанын атап өтті.

Ұшақ экипажы әуежайға оралу туралы шешім қабылдады. Қазір жолаушылар әуежайда. Оларға қажеттінің бәрі ұсынылды, - деді SCAT әуе компаниясының баспасөз қызметі

Сонымен қатар резерв ұшақтың ұшу жолағына шығуы күтіледі.

13 сәуір күні түстен кейін Астана әуежайының маңынан өрт шықты. Өртті сөндіру жұмыстары әлі жүргізіліп жатыр. Қызыл жалын әуе айлағының қызметіне әсер еткен жоқ. Астана әуежайы штаттық режимде жұмыс істеуде.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы