Алматыға әр елдің тағамының дәмін көруге 15 мың қонақ келеді

Almaty Food Fest гастрономия фестивалі оңтүстік астанада үшінші рет ұйымдастырылады, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Фестивальге 50-ге жуық мейрамхана, 30-дан астам фермерлік және hand-made дүңгіршектері жұмыс істейді.

Туристердің басым бөлігі жергілікті мәдениетті тереңірек тануға қызығушылық білдіреді. Бұл орайда, әр алуан ұлттық тағамдардың дәмін тату мүмкіндігі саяхат бағытын таңдаудамаңызды рөл атқарады. Сондықтан гастрономия фестивальдері бұл трендте айрықша орынға ие бола алады. Осылайша, Almaty Food Fest 2024 фестивалі шетелден келген қонақтар мен қаламыздың тұрғындарына еліміздің тарихын, мәдениетін, салт-дәстүрлері мен өмір салтын жақсырақ түсінуге ерекше мүмкіндік береді. Бұдан бөлек, фестиваль Алматыны әлемнің гастрономия картасында насихаттауға үлес қосып, кірмелі және ішкі туризмнің дамуына ықпал етеді, сондай-ақ, елімізге атақты халықаралық мейрамхана рейтингтерінің өкілдерін тартуға септігін тигізеді, - деп атап өтті Ғалия Тоқсейітова, Алматы қаласы Туризм басқармасының жетекшісі.

Дәстүр бойынша, Almaty Food Fest 2024 екі күн қатарынан, тамыздың 24-25 күндері өтеді. Бұл аралықта Абай атындағы алаң (Республика сарайының алды) әлемнің сан түрлі асханаларының тағамдарын ұсынатын 50-ге жуық мейрамхана, 30-дан астам фермерлік және hand-made дүңгіршектері жұмыс істейтін гастрономия қалашығына айналады. 

Оған қоса, шара қонақтары конкурстарға, ұтыстар мен шеберлік-дәрістеріне қатысып, аспаздық шоу мен музыканттардың өнерін тамашалай алады.

Әр саяхат сайын адам өзі үшін тың, ерекше жаңалықтар ашып, ішкі әлемі мен жан дүниесін байыта түседі. Елдің мәдениетін, тарихы мен ерекшеліктерін оның асханасынан артық ештеңе көрсете алмайды. Ол біздің қанымызға сіңген, отбасылық дәстүрлер арқылы бойымызға дарыған. Қазақ асханасы өткен замандардың ұлылығын дәлме-дәл паш етеді. Әлем өзгеріп жатыр, әрине, асхана да өзгеріссіз емес. Жаңа экономикалық, мәдени және технологиялық парадигмалар бізді өткенге тағы бір үңіліп, қайта қарауға түрткі болып отыр. Мен Almaty Food Fest 2024 шарасына қатысу туралы шақыртуды қуана қабыл алдым. Заманауи қазақ асханасының дамуына үлес қосу мүмкіндігі – мен үшін үлкен мәртебе, өте қуаныштымын, - дейді Жером Кустияс, арнайы шақырылған франциялық бас аспаз, «Мишлен» жұлдызының иегері.

Атап өтерлігі, биыл ұйымдастырушылар ШЫҰ-на қатысушы елдердің аспаздары арасында қызықты барбекю-байқау әзірлеп отыр. Ал шетелдік қонақтар арасында Қытай, ТМД, БАӘ мен басқа да елдердің блогерлік сала өкілдері шараға қатысатынын растап қойған. Almaty Food Fest 2024 фестиваліне екі күнде 15 мыңнан астам адам келеді деп көзделіп отыр. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы