Алматыға 9 айда 1,5 млн турист келді
Алматыда туризм арқылы 50,2 млрд теңге салық түсіп, 78 551 адам жұмыспен қамтылды, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.
Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде Алматы қаласы туризм басқармасының басшысы Ғалия Тоқсейітова мәлімдеді.
Ұлттық статистика бюросының деректеріне сүйенсек қалаға 9 айдың ішінде 1,5 млн турист келген, өсім 17,5%. Оның ішінде, шетелдік туристер саны 51,5%-ға өсті, 410 мыңға жуық адам келген. Еліміз бойынша Алматы қаласы шетелдік туристерді қабылдайтын көшбасшы қала атанды, – дейді Ғалия Тоқсейітова.
Спикердің айтуынша, туризм саласынан қалаға 50,2 млрд теңге салық түскен.
Туризм саласындағы салық түсімдері 64%-ға артты. 9 айдың ішінде 50,2 млрд теңге салық түскен. 78 551 адам жұмыспен қамтылды. Ал туристердің 60%-ы 4 және 5 жұлдызды қонақ үйлерде тоқтаған. Туристер үшін мегаполисте әртүрлі санаттағы 345 қонақ үй бар, – дейді Алматы қаласы туризм басқармасының басшысы Ғалия Тоқсейітова.