Алматыдан солтүстік-шығысқа қарай жер сілкінді

Алматыдан солтүстік-шығысқа қарай 430 шақырым қашықтықта, Қытай аумағында жер сілкінді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Зілзаланы қазақстандық сейсмикалық стансалар желісі тіркеген.

«Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» ЖШС сайтындағы ақпаратқа сәйкес, зілзаланың энергетикалық санаты 9,6-ны құраған.

Жер сілкінісі Алматы уақыты бойынша 9 сағат 06 минут 33 секундта тіркелді. Жер сілкінісінің энергетикалық класы – 9,6. Магнитудасы - 4.2. Тереңдігі - 20 км. Байқағыштық туралы ақпарат (MSK-64 шкаласы бойынша) жоқ, - дейді Алматы қаласы ОСО кезекші операторы.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы