Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай жер сілкінді
Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстік-шығысқа 498 шақырым жерде Қытай аумағында орналасқан, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.
Алматы уақытымен 12 сағат 06 мин 37 сек Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің "ННЦСН" және "I" ЖШС сейсмикалық стансалар желісі жер сілкінісін тіркеді.
Жер сілкінісінің энергетикалық класы – 10.2.
Магнитудасы MPV – 4.4.
Координатттары – 41,70° с.е. 82,61° ш.б.
Тереңдігі – 5 км.
Қазақстан аумағында сезілуі туралы (MSK-64 шкаласы бойынша) ақпарат жоқ.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы