26 Ақпан 2024 2024, 11:09 Фото: pixabay.com

Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай жер сілкінді

Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстік-шығысқа 263 шақырым жерде, Қытай аумағында орналасқан, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстік-шығысқа 263 шақырым жерде, Қытай аумағында орналасқан, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

26 ақпан күні сағат 07.28-де Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің "ННЦСН" және "I" ЖШС сейсмикалық стансалар желісі жер сілкінісін тіркеді.

Жер сілкінісінің энергетикалық класы — 11,3.

Магнитудасы MPV 5,2. 

Қазақстан аумағында байқалған жоқ. (MSK-64 шкаласы бойынша)