29 Қыркүйек 2026, 20:56 Фото: Көлік министрлігі

Алматыдан Малайзияға тікелей рейс ашылады

2026 жылғы 25 желтоқсаннан бастап Алматыдан Малайзияның Лангкави аралына тікелей маусымдық рейстер ашылады. Бұл туралы Көлік министрлігі хабарлады.

Халықаралық маршруттар желісін кеңейту және қолданыстағы бағыттар бойынша әуе рейстерінің санын арттыру жұмыстары жалғасып жатыр.

Осыған байланысты «Air Astana» әуе компаниясы Алматы – Лангкави бағыты бойынша тікелей маусымдық рейстерді орындауды жоспарлап отыр.

Рейстер аптасына үш рет Airbus A321neo әуе кемелерімен жүзеге асырылады.

Ведомствоның мәліметінше, жаңа әуе бағыты Қазақстанның халықаралық әуе қатынасын кеңейтуге мүмкіндік береді.

Сонымен қатар Алматы мен Лангкави арасындағы тікелей әуе қатынасының ашылуы Қазақстан мен Малайзия арасындағы туристік байланыстарды дамытуға ықпал етеді.

Айта кетейік, Лангкави – Малайзияның танымал туристік бағыттарының бірі. Жаңа рейс қазақстандық туристер үшін аталған бағытқа тікелей баруға мүмкіндік береді.