Алматыдан қару-жарақ жасайтын цех табылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматыда ірі операция нәтижесінде қару-жарақ жасайтын астыртын цех әшкереленді, деп хабарлайды қалалық ПД баспасөз қызметі.
Медеу ауданының екі тұрғыны ұсталды. Олардың тұрғылықты жерінен ірі көлемде қару-жарақ, ұрыс құралдары, оларды түрлендіруге қажетті заттар табылды. Бұл заттар қылмыстық іске айғақзат ретінде тіркелді. Бұл дерек бойынша ҚР ҚК 287-бабының 3-тармағымен қылмыстық іс қозғалды,- деп жазылған хабарламада.Күдіктілер уақытша оқшаулау орнына қамалды. Тәркіленген қару-жарақтарға баллистикалық сараптама тағайындалды
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Ақтөбеде карантин режимі ұзартылды
Келесі жаңалық
Шымкентте бір күндік сәбидің өңешіне күрделі ота жасалды
Өзгелердің жаңалығы