Алматыдан Баян-Өлгейге тікелей чартерлік рейс ұшпайды – әуе компаниясы

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Моңғолиядағы қандастар әлеуметтік желі арқылы тараған ақпарат бойынша редакциямызға сауал жолдаған болатын. 

Онда «Dag group LTD» ЖШС   маусым және шілде айларында  Qazaq Air әуе компаниясымен бірлесе отырып Баян-Өлгейге тікелей чартерлік рейс орындайтыны айтылған. 

Моңғолияның Баян-Өлгей қаласынан Алматыға рейс маусымның 10-ы мен 24-і аралығында орындалатыны көрсетілген. Сондай-ақ ересек және балаларға арналған билеттің құны да көрсетілген. 

Алматы-Өлгей бір бағыттағы билет құны ересек адамдарға 130 мың теңге болады. Өлгейден Алматыға 100 мың теңгеге шығады, - делінген хабарламада. 

Таратылған ақпаратта 87019735511 телефон нөміріне хабарласу арқылы билет сатып алуға болатыны көрсетілген. 

Аталған ақпаратты растау мақсатында біз Qazaq Air әуе компаниясының баспасөз қызметіне хабарластық.

Олар аталған бағытта ешқандай чартерлік рейс туралы келісімшарт болмағанын жеткізді. Демек ақпарат шындыққа жанаспайды.  

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы