Алматыдан 915 шақырымда жер сілкінісі тіркелді

Сейсмолог мамандар бүгін, 2024 жылы 27 сәуірде Қазақстан территориясында жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты сейсмикалық стансалар желісі таңғы сағат 7:44-те жер сілкінісін тіркеді. Жер асты дүмпулері Шығыс Қазақстан облысында сезілді.

Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан солтүстік-шығысқа қарай 915 шақырымда Қазақстан территориясында орналасқан. Жер сілкінісінің энергетикалық класы – 8,7. MPV магнитудасы - 4.0. Жер сілкінісінің координаттары – 49,27°ш.б. 84,91°с.е. Тереңдігі – 20 км, - делінген хабарламада.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: championat.com
Өзгелердің жаңалығы