Алматыдан 864 шақырым қашықта жер сілкінді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматыдан 864 шақырым қашықта жер сілкінді. 

Білім және ғылым министрлігіне қарасты «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» мемлекеттік мекемесінің сейсмикалық стансалар желісі 15 тамыз күні Алматы уақытымен 16 сағат 41 минутта жерасты дүмпуін тіркеген. 

Жер сілкінісінің ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 864 шақырым қашықта, Ауғанстан аумағында орналасқан. 

Жер сілкінісінің энергетикалық класы – 12.2, магнитудасы – 5.5. 

Жерасты дүмпуі 45 шақырым тереңдікте болған.



Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы