2 Мамыр 2023 2023, 22:47
Фото: inbusiness.kz
Алматыдан 821 шақырым қашықтықта жер сілкінді
Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» ЖШС станциялары бүгін Алматы уақытымен сағат 16:31-де жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» ЖШС станциялары бүгін Алматы уақытымен сағат 16:31-де жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Жерасты дүмпуінің ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 821 шақырым жерде, Ауғанстан аумағында орналасқан.
Энергетикалық санаты – 10.6.
MPV магнитудасы – 4.9.
Тереңдігі – 10 шақырым.
МSК-64 бағаны бойынша сезілгені туралы мәлімет жоқ.