Алматыдан 710 шақырым қашықтықта жер сілкінді

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» ЖШС-ның сейсмостанциялары бүгін сағат 07.53-те жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Жерасты дүмпуінің ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 710 км жерде, Тәжікстан мен Қырғызстан шекарасында орналасты.

Энергетикалық санаты – 9,8. MPV магнитудасы – 4.6. Тереңдігі – 5 км. МSК-64 бағаны бойынша сезілу туралы ақпарат түспеген.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: atpress.kz
Өзгелердің жаңалығы