Алматыдан 494 шақырым жерде жер сілкінісі болды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматының батысынан 494 шақырым қашықта магнитудасы 4,5-ке жететін жер сілкінісі болды.
31 наурыз Алматы уақытымен сағат 7:43-те жер сілкінісі тіркелді. Оның эпиценті Алматының батысынан 494 шақырым қашықта Өзбекстан мен Қырғызстан шекарасында екені анықталды, - делінген БҒМ Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы Сейсмикалық стансалар желісі таратқан хабарламада.
Жер сілкінісінің энергетикалық класы - 10.2. Магнитудасы MPV - 4.5. Ал тереңдігі - 15 км. МSК-64 шкаласы бойынша жер сілкінісі сезілмеген.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Қазақстан мен Ресей агроөнім саудасын жеңілдетеді
Өзгелердің жаңалығы