14 Наурыз 2024 2024, 01:25
Фото: baq.kz
Алматыдан 465 шақырым қашықтықта жер сілкінді
Сейсмологиялық байқау және зерттеулер ұлттық ғылыми орталығының станциялар желісі 13 наурыз күні Алматы уақыты бойынша 23 сағат 11 минутта жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Сейсмологиялық байқау және зерттеулер ұлттық ғылыми орталығының станциялар желісі 13 наурыз күні Алматы уақыты бойынша 23 сағат 11 минутта жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Жерасты дүмпуінің ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 465 шақырым қашықтықта, Қытай аумағында орналасқан.
Жер сілкінісінің энергетикалық класы – 9.6, магнитудасы – MPV 4.4. Жер сілкінісі 15 шақырым тереңдікте болған.
MSK-64 шкаласы бойынша жер дүмпуі Қазақстан аумағында сезілген жоқ.