Алматыдан 374 шақырым қашықтықта жер сілкінді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Білім және ғылым министрлігіне қарасты «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» ММ-нің сейсмикалық стансалар желісі 8 шілде күні Алматы уақытымен 19 сағат 05 минут 50 секундта жер сілкінісін тіркеді.
Жер сілкінісінің ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 374 шақырым жерде, Қытай аумағында орналасқан.
Жерасты дүмпуінің энергетикалық санаты – 11,6. MPV магнитудасы – 5,5. Тереңдігі – 10 шақырым.
МSК-64 бағаны бойынша сезілу туралы ақпарат жоқ.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Токио Олимпиадасына ешбір көрермен кіргізілмейтін болды
Өзгелердің жаңалығы