Алматыдан 332 шақырым жерде жер сілкінді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ «СОМЭ» ЖШС сейсмикалық стансалар желісі 1 сәуір күні Алматы уақыты бойынша 6 сағат 00 минутта жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі.

Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан солтүстік-шығысқа қарай 332 шақырым жерде Қытай аумағында орналасқан. Жер сілкінісінің энергетикалық класы 9.9. MPV магнитудасы 4.9. Тереңдігі 15 км.

Жер сілкінісінің сезілуі бойынша ақпарат (MSK-64 шкаласы бойынша) жоқ.

 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы