Алматыдан 328 км қашықтықта жер сілкінді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігіне қарасты «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» ММ-нің сейсмикалық стансалар желісі 15 мамыр күні Алматы уақытымен 1 сағат 48 минутта жерасты дүмпуін тіркеді, деп хабарлайды.
Жер сілкінісінің ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 328 шақырым қашықтықта, Қытай Халық Республикасының аумағында орналасқан. Жер сілкінісінің энергетикалық класы 10,7, магнитудасы – 4,6. Жерасты дүмпуі 10 километр тереңдікте болған. МSК-64 шкаласы бойынша жер сілкінісі Алматы қаласында сезілген жоқ.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы