Алматыдан 280 км қашықтықта жер сілкінді

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» ЖШС-нің сейсмикалық станциялар желісі Алматы уақытымен 1 сәуір, сағат 01.52-де жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Жерасты дүмпуінің ошағы Алматы қаласынан оңтүстікке қарай 280 шақырым қашықтықта, Қытай аумағында орналасқан.

Энергетикалық санаты – 11,0.

MPV магнитудасы – 5,1.

Тереңдігі – 10 шақырым.

МSК-64 бағаны бойынша сезілу туралы мәліметтер жоқ.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: aikyn.kz
Өзгелердің жаңалығы