27 Қаңтар 2024 2024, 07:16 Фото: дереккөз

Алматыдан 278 км қашықтықта жер сілкінісі тіркелді

ҚР ТЖМ сейсмикалық станциялар желісі магнитудасы 4.6 жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

ҚР ТЖМ сейсмикалық станциялар желісі магнитудасы 4.6 жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Дүмпулер Алматы уақыты бойынша сағат 00:37-де тіркелді. Жер сілкінісінің эпицентрі Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 278 км жерде Қытай аумағында орналасқан.

Жер сілкінісінің энергетикалық класы 10.9. MPV магнитудасы 4.6. Сейсмологтар біздің еліміздің аумағында бұл жер асты дүмпуі сезілмеді дейді.