21 Наурыз 2024 2024, 00:28
Фото: baq.kz
Алматыдан 261 шақырым қашықта жер сілкінді
ҚР Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты сейсмикалық стансалар желісі сағат 20:21-де жер сілкінісін тіркеді.
ҚР Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты сейсмикалық стансалар желісі сағат 20:21-де жер сілкінісін тіркеді.
Жерасты дүмпуінің ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 261 шақырым жерде, Қытай аумағында орналасқан.
Жер сілкінісінің энергетикалық класы – 10,0.
MPV магнитудасы – 4.6.
Координаттары – 41,10° с.е. 78,32° ш. б.
Тереңдігі — 10 км.
Қазақстан аумағында сезілуі туралы (MSK-64 шкаласы бойынша) ақпарат тіркелмеді.