Қосалқы стансадағы өрттің шығу себептері анықталып жатыр
Алматыда Әуезов ауданында орналасқан Батыс жылу кешенінің трансформаторлық қосалқы стансасы аумағында ірі өрт шықты.
Оқиға орнынан түсірілген бейнежазбаларда қала үстіне көтерілген қою қара түтін анық көрінеді.
Алдын ала мәлімет бойынша, өрт энергетикалық инфрақұрылым нысанының аумағында болған. Өрттің шығу себебі мен оның ықтимал салдары әзірге хабарланған жоқ.
Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, оқиға орнында өрт сөндірушілер жұмыс істеп жатыр.
Қазіргі уақытта ТЖМ қызметкерлері Алматы қаласының Әуезов ауданындағы Отар көшесінде орналасқан трансформаторлық қосалқы стансадағы өртті сөндіру жұмыстарын жүргізіп жатыр, – деп мәлімдеді министрлік.
Зардап шеккендер туралы және келтірілген шығын көлеміне қатысты ақпарат нақтыланып жатыр.