Алматыдағы жол апаты: Бірқатар басшы қызметінен босатылды
Ішкі істер министрі Ержан Саденов Алматыда болған адам өліміне әкелген жол-көлік оқиғасына қатысты пікір білдіріп, жағдайдың ерекше бақылауда екенін атап өтті
Ішкі істер министрі Ержан Саденов Алматыда болған адам өліміне әкелген жол-көлік оқиғасына қатысты пікір білдіріп, жағдайдың ерекше бақылауда екенін атап өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Алматыда болған жол-көлік оқиғасы салдарынан қаза тапқандардың туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтамын. Бұған дейін хабарланғандай, факт бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті жүргізушіге сот санкциясымен қамауға алу бұлтартпау шарасы қолданылды. Ол заңның бүкіл қатаңдығымен жазаланады. Менің тапсырмам бойынша Алматыға Өзіндік қауіпсіздік департаментінің, Әкімшілік полиция комитетінің және Жеке құраммен жұмыс жөніндегі департаментінің қызметкерлері жіберілді. Жан-жақты тексеру жүргізілуде. Сонымен қатар басқа да заң бұзушылықтардың болуы туралы уәждер бойынша қылмыстық істер қозғалды. Бірқатар басшы атқарып отырған қызметтерінен босатылды. Барлығына құқықтық баға берілетінін ерекше атап өтемін. Ешкім де жауапкершіліктен жалтара алмайды. Заң бәріне ортақ, — деп жазды ІІМ басшысы.
Еске салайық, Алматыда жантүршігерлік жол апатынан үш адам тапқан болатын. Сондай-ақ күдіктіге қатысты тың дерек жарияланды.