Алматыдағы жол апаты. 19 адам зардап шегіп, бір адам қаза тапты
Алматыда екі автобустың соқтығысуынан 1 адам мерт болды, деп хабарлайды BAQ.KZ Рolisia.kz-ке сілтеме жасап.
Алматы қалалық Полиция департаменті 98 және 201-ші бағыттағы екі қоғамдық көліктің соқтығысуы салдарынан бір адам қаза тауып, алдын ала мәлімет бойынша 15 адам жарақат алғанын хабарлайды, - делінген полиция таратқан хабарламада.
Кейін зардап шеккендердің саны артты.
Денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, қаланың ауруханаларына әртүрлі жарақаттары бар 17 адам жеткізілген. Жалпы, апат салдарынан 19 адам зардап шекті, біреуі медициналық көмектен бас тартты. Бір жәбірленуші жедел жәрдем келгенге дейін қайтыс болды.
Аталған дерек ҚР ҚК-нің 345-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Сараптамалар тағайындалды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Барлық өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Өзгелердің жаңалығы