Алматыдағы ЖИТС орталығының зертханасы CDC сертификатын алды
Алматы, BAQ.KZ. 2020 жылдан бастап Алматы қаласында Жұқтырылған иммунтапшылығының синдромы (ЖИТС) орталығының мамандандырылған медициналық зертханасы АҚШ-тың ауруларды бақылау және алдын алу орталықтары (CDC) ұйымдастырған «Proficiency Testing Programfor HIV-1 Viral Loadusing Dried Tube Specimen» сапаны сырттай бағалаудың халықаралық бағдарламасына қатысады.
Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы таратқан мәліметте, бағдарлама қатысушылары ұйымдастырушыдан АИТВ РНҚ концентрациясын өлшеу үлгілерін алған. Содан кейін қатысушылар өлшеу нәтижелерін және дәлдігін бағалайтын ұйымдастырушы қауымға жібереді.
Өлшеу дәлдігі бойынша жоғары көрсеткішке жеткен қатысушыға CDC «Үздік орындағаны үшін» (ForOutstandingPerformance) сертификатын беріледі. Өзінің алғашқы қатысуының қорытындысы бойынша Алматы қалалық ЖИТС орталығы АИТВ-ның вирустық жүктемесіне зерттеулердің жоғары дәлдігін растайтын сертификат алды,-делінген хабарламада.Вирустық жүктеме (ВЖ) – АИТВ-мен өмір сүретін адамдарды емдеудегі ең маңызды көрсеткіш. ВЖ деңгейі пациенттің денесіндегі вирустың белсенділігін көрсетеді. Қазіргі антиретровирустық терапия вирустың көбеюін (репликациясын) толығымен басуға мүмкіндік береді. Алайда, науқас бұған тағайындалған емдеу режимін сақтаған жағдайда ғана қол жеткізе алады. Антиретровирустық терапияның сәттілігі немесе сәтсіздігі ЛЖВ қанындағы АИТВ РНҚ концентрациясын өлшейтін зертханалық зерттеулермен анықталады.
Сандық талдау полимеразды тізбекті реакция (ПТР) әдісімен жүргізіледі. Сонымен қатар ПТР зерттеулерінің дәлдігі өте маңызды, өйткені алынған нәтижелерге сүйене отырып, емдеуші дәрігер емдеу режимін жалғастыру немесе өзгерту туралы шешім қабылдайды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
ПТР анықтамасыз келген 6 шетелдікке елге кіруіне тыйым салынды
Келесі жаңалық
Бокстан Азия чемпионатына баратын ерлер құрамы белгілі болды
Өзгелердің жаңалығы