Алматыдағы жерүсті өткелдеріндегі лифт неге істемейді?

Қала тұрғындары қаладағы жерүсті өткелдеріндегі жеделсатының істемейтіне наразы, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

2004 жылдан бері Алматыда 108 жерүсті және жерасты өткелдері салынса, алдағы екі жылда тағы 14 жаңа өткел пайдалануға берілмек.

Қалалардағы жерасты және жерүсті жаяу жүргіншілер өткелдері мүмкіндігі шектеулі азаматтардың, зейнеткерлердің жүріп-тұруына қиындық туғызып жатыр. Бұл туралы қала әкімінің Әуезов ауданы тұрғындарымен кездесуінде айтылды.

Қалада 100-ден асам жерүсті, жерасты өткелдері бар. Оларды күтіп-баптауға қаражат та бөлінеді. Дегенмен қаладағы жерүсті өткелдерінде лифт істемейді. Өзім мүмкіндігі шектеулі адаммын. Өз бетіммен өткелмен шығып жүре алмаймын. Өткелдердегі лифт "Алматы Арена" спорт кешенінен Тұңғыш Президент саябағына дейін істемейді. Мен өзім жеке тексеріп шықтым. Осы мәселе қашан шешіледі? Осы мәселені көтеріп жүргенімде, лифтінің есігі арнайы құлыппен ашылатынын естідім. Сонда ол кілтті әр адам ұстап жүру қажет пе? - деді қала тұрғыны.

Ерболат Досаев қалалады жерүсті өткелдеріндегі лифттер мен көтергіш құрылғылар жаңа стандартқа сай жөнделетінін айтып, уәде берді.

Мен арнайы комиссия құрдым, оны өзім басқарамын. Қала құрылысы кеңесіне қатысты мәселені инклюзивті қоғамға енгіздім. Құрылыс ережесінде біз қазір осындай өкілеттікке ие болдық. Мемлекет басшысы Алматының ерекше мәртебесі туралы заңға өзгерістер мен толықтыруларға қол қойды. Онда нысандарды қабылдау, талаптар бойынша мәселелер көзделеді. Алматы қаласының дизайн-кодында біз қажетті дүниелерді бекіттік, - деді Ерболат Досаев.

Мегаполис басшысының айтуынша, лифт кілтінің орнына азаматтардың, оның ішінде қарттар мен ерекше қажеттілігі бар азаматтардың жеңілдетілген санатын ескеретін «Оңай» карточкаларын пайдалану мүмкіндігі қарастырылып жатыр.

Өкінішке қарай, кейбір қала тұрғындарының мәдениеті төмен, бұл өткелдегі лифтті пайдалануға қатысты. Сондықтан біз оған шынымен мұқтаж жандардың мүддесі үшін шектеулер енгізуге мәжбүрміз, - деді Алматы әкімі.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы