Алматыдағы жер сілкінісі: Метрода тексеру жұмыстары жүргізіледі
Алматыдағы метро шамамен үш сағат кейін қайта іске қосылады, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.
Бұл туралы Алматы қаласының әкімдігі мәлімдеді.
Қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында мамандар метро тоннельдерін тексеру жұмыстарын жүргізетін болады. Осы орайда Алматы метрополитені ТЖД жұмыс орындарына оралуға рұқсат еткеннен кейін шамамен үш сағат көлемінде қайта іске қосылады. Қазіргі кезде метро аумағында ешқандай бұзылыс байқалған жоқ, жолаушышар сыртқа шығарылды. Қосымша ақпарат ТЖД берген нұсқамаға сәйкес тағы да жарияланатын болады, – дейді әкімдіктегілер.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Алматыда 2 балдық афтершок сезілді
Келесі жаңалық
Жұмаға арналған валюта бағамы
Өзгелердің жаңалығы