Алматыдағы жер сілкінісі: Мектептер мен колледждерде сабақ болмайды

Алматыдағы 5 баллдық жер сілкінісінен кейін Алматы қаласындағы мектептер мен колледждерде сабақ болмайды деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Бұл туралы Алматы қаласы Білім басқармасы мәлімдеді. 

4 наурыз күні Алматы қаласының мектептері мен колледждерінде 1-ауысымдағы сабақтар болмайды. Балабақшалар штаттық режимде жұмыс істейді, балаларды әкелу - ата-аналардың қалауы бойынша, – дейді Алматы қаласының Білім басқармасы.

Қалалық Білім басқармасы бүгін 2-ауысымдағы сабақтар да болмайтыны туралы хабарлады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы