Алматыдағы жер сілкінісі: Медициналық қызметтер күшейтілген режимге көшті

Алматыда медициналық қызметтер күшейтілген режимде жұмыс істеуге көшті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы барлық медициналық ұйымның белсенді жұмыс істеп жатқанын айтты.

Жедел медициналық жәрдем қызметі және барлық көпбейінді стационарлар, оның ішінде мамандандырылған стационарлар, балалар стационарлары, қаланың босандыру ұйымдары күшейтілген режимде жұмыс істеуде. Зардап шеккендер жоқ, азаматтардан өтініштер түскен жоқ, - деді басқармадан.

Еске сала кетейік, Алматыда 23 қаңтар түнгі cағат 00:09 шамасында жер сілкінісі болды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Алматы қаласы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы
Өзгелердің жаңалығы