Алматыдағы жер сілкінісі кезінде 8 адам зардап шекті
Алматыдағы жер сілкінісі салдарынан 8 адам зардап шекті, деп хабарлайды BAQ.KZ қалалық Денсаулық сақтау басқармасына сілтеме жасап.
Бірнеше адам жарақат алған.
Алматыда 23 қаңтарда болған жер сілкінісі нәтижесінде сағат 03:00-те 8 адам зардап шекті. Олар бірден қалалық ауруханаға жеткізілді. Жарақат алған үш адам тұрғын үйлердің 2 және 3 қабатынан секірген. Тексерістен кейін екеуі амбулаториялық емдеуге жіберілді. Үшінші науқастың жағдайы ауыр, қазір ол ауруханада жатыр, - делінген ведомствоның ақпаратында.
Сонымен қатар үйден жүгіріп шыққан бес адам жарақат алғаны белгілі болды. Барлық қажетті медициналық көмек көрсетілгеннен кейін олар амбулаториялық емдеуге жіберіледі.
Еске сала кетейік, Алматыда 23 қаңтар түнгі cағат 00:09 шамасында жер сілкінісі болды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Алматыда тағы да жер асты дүмпуі болды
Өзгелердің жаңалығы