Алматыдағы ЖЭО-2 2026 жылы газға көшіріледі - министрлік

Алматы қаласындағы ЖЭО-2 2026 жылы газға көшіріледі, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев жұмыс сапарымен Алматы қаласына келді. Сапар барысында «Алматы электр станциялары» АҚ ЖЭО-2 және «Алматыжылужайэнерго» ЖШС «Орбита» қазандығының жұмыстарымен танысты.

2-ЖЭО-да министр әкімдік, «Самұрық-Энерго» АҚ өкілдерінің қатысуымен жылыту кезеңінен өту жөніндегі үйлестіру штабының кеңесін өткізді.

Алматы қаласы ЖЭО-2 өкілдері EPC газға ауыстыру бойынша мердігер анықталғанын, жұмыстар басталғанын хабарлады. Белсенді кезең 2024 жылы басталып, 2026 жылдың соңына дейін аяқталады.

Сондай-ақ, 2-ЖЭО-да № 3 қазандық пен № 1, 2 турбиналарға күрделі жөндеу жұмыстары аяқталды. № 5 қазандықты күрделі жөндеу жұмыстары аяқталуда. Жалпы, «Алматы электр станциялары» АҚ бойынша жөндеу науқаны ағымдағы жылдың қараша айының соңында аяқталады. Күзгі-қысқы жағдайларда жұмысқа дайындық паспорты алынды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Энергетика министрлігі
Өзгелердің жаңалығы