Алматыдағы жатақханада болған өрттен 59 адам құтқарылды

Бұл туралы Алматы ТЖД басшысы Нұрлан Атығаев мәлімдеді, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Өрт орнынан 59 адам эвакуацияланды, оның үшеуі сағат 08:40-қа дейін жедел медициналық жәрдем ауруханасына жеткізілді.

Қазір 56 адам жақын маңдағы мектепке уақытша орналастырылды. Оларға ыстық тамақ берілді, қажетті медициналық және психологиялық көмек толық көлемде көрсетіледі. Бір сағат ішінде ауданның қонақ үйлеріне орналастырылады, - дейді Алматы ТЖД басшысы Нұрлан Атығаев.

Айта кетейік, бұған дейін Алматыдағы хостелден өрт шығып, 13 адам қаза тапты.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы