Алматыдағы жантүршігерлік жол апаты: Тергеу аяқталуға жақын
Zeekr көлігінің жүргізушісі қарсы бағытқа шығып кетіп, Mercedes-Benz автокөлігімен бетпе-бет соқтығысқан.
Алматыдағы жол-көлік оқиғасына байланысты қылмыстық істі тергеу аяқталуға жақын. Бұл туралы Сенат кулуарында Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Жол апаты 21 наурызға қараған түні шамамен сағат 03:30-да әл-Фараби даңғылында, Меңдіқұлов көшесінің қиылысында болған. Оқиға салдарынан үш адам қаза тапқан.
Қылмыстық іс бойынша қажетті сараптамалардың барлығы дерлік алынды. Алдағы екі апта ішінде тергеудің аяқталғаны туралы жариялауды жоспарлап отырмыз. Қазір соңғы тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр, іс аяқталуға жақын, – деді ол.
Еске салайық, 21 наурыз күні таңғы сағат 03:30 шамасында Алматы қаласындағы әл-Фараби даңғылында үш адамның өлімімен аяқталған қайғылы жол апаты болды. Zeekr көлігі қарсы жолаққа шығып, Mercedes автокөлігімен соқтығысқан.
Алматыдағы кісі өлімімен аяқталған ірі жол апатына қатысты қазақстандықтар ашық сотты талап етті.
Аталған жол апаты оқиғасынан кейін бірқатар басшы қызметінен босатылды. Алматы қаласы Полиция департаменті бастығының орынбасары қызметіне полиция полковнигі Ғалым Сарғұлов тағайындалды.
Сенат депутаты Марат Қожаев 21 наурызда Алматыда 3 адамның өмірін жалмаған жантүршігерлік жол апаты туралы пікір білдірді.
- Шымкентте 750 млн теңгелік жоба тоқтап қалған: Прокуратура мәселені шешті 10:43
- Алматыда оқушы көбейіп, мектеп жетпей жатыр: Ең қиын жағдай қай ауданда? 10:10
- Ғалымдар тозған жайылымдарды қалпына келтіретін технология ойлап тапты 09:49
- Қазақстанда заңсыз еңбек еткен 3,8 мыңнан астам шетелдік анықталды 09:09
- Жалған аккаунттар көбейді: ІІМ азаматтарды сақ болуға шақырды 08:54
- Алматыда роботакси таныстырылды 08:42
- Әлеуметтік желіге қатаң тыйым: Ұлыбритания жаңа заң қабылдамақ 08:32