Алматыдағы заңсыз құрылысқа жол берген әкімдік қызметкерлері сотталды

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің қызметкерлері Алматы қаласының таулы аймақтарындағы заңсыз құрылыс фактілерін анықтады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Агенттіктің ресми өкілі Данияр Бигайдаров заңсыз құрылыс фактілері, қауіпті және қорғалатын аумақтарда нысандар салу, санитарлық-қорғау нормаларының бұзылуы туралы баяндады. Оның айтуынша, бірқатар лауазымды тұлғалар қылмыстық жауапкершілікке тартылған.

Сот үкімімен қалалық жоспарлау және урбанистика басқармасының басшылары 11 жылға бас бостандығынан айрылды, жер қатынастары басқармасының басшысы 10 жылға сотталды. Біз шамамен 230 гектар жерді рекреациялық аймаққа қайтардық. Қаланың жаңа бас жоспарында құрылыс салуға тыйым салынған аумақтар белгіленді, ережелер мен қала құрылысы регламенттері қабылданды, – деді Бигайдаров.

Оның айтуынша, қазіргі уақытта Парламентте Құрылыс кодексіне түзетулер қарастырылуда. Бұл түзетулер тәртіп пен бақылауды қамтамасыз етуге тиіс.

Еске салайық, бұған дейін экс-министр Марат Бекетаев 9 жылға сотталғаны хабарланды. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ - архив
Өзгелердің жаңалығы