Алматыдағы "Южная" қазандығында электр қуаты қысқа мерзімге өшіп қалды
Алматыдағы "Южная" қазандығында электр қуаты қысқа мерзімге өшкен кейін қайтадан штаттық режимде жұмыс істей бастады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Алматы қаласы энергетика және сумен жабдықтау басқармасының хабарлауынша, 12 қараша сағат 09.40-та Бостандық ауданындағы "Южная" қазандығында құрылғы ажырап, электр қуаты аздаған уақытқа берілмей қалды. №3 су жылыту қазандығында қалдық газ-ауа қоспасының тұтануынан автоматика жұмысында ақау болды.
Осы себепті жақын маңдағы үйлердің тұрғындары тарсыл тәрізді дыбысты естіген.
10 минуттан кейін жылу желілерінің гидравликалық режимін қалпына келтіре отырып, сорғы қондырғылары іске қосылды.
Қазандық штаттық режимде жұмыс істеп жатыр.
Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Петропавл қаласының орталығынан ер адамның мәйіті табылды
Өзгелердің жаңалығы