Алматыдағы ұшақ апатына не себеп болуы мүмкін?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматыдағы ұшақ апатына үш жағдай әсер етуі мүмкін. Бұл туралы 24.kz хабарлады.

Бұл ұшқыш-нұсқаушы Андрей Будниковтің пікірі. Авиация саласының маманы әскери ұшақ апатының ықтимал себептерін атады. Комиссия әдетте үш нұсқаны қарастыратын көрінеді.

Бұл ұшақ өте сенімді еді. Қазір апаттың дәл себебін айту қиын. Арнайы комиссия мұны анықтай жатар. Үш жағдайда ғана апат болуы мүмкін. Олар әуе кемесінің техникалық жағынан дұрыс болмауы, ауа райының қолайсыздығы немесе экипаждың қателік жасауынан болуы мүмкін, – дейді  ұшқыш-нұсқаушы Андрей Будников.
Ұлттық Қауіпсіздік комитеті әскери ұшақ апатының себептері анықталып жатқанын хабарлады.


Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы