Алматыдағы түтін: Ауа сапасын жақсарту үшін қандай шаралар ұсынылды

Алматыда атмосфералық ауаны қорғау қағидаларының жобасы әзірленді, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Қалалық әкімдік мәліметінше, құжаттың қоғамдық талқылауы тамыз айында өткен. Жобаның негізгі мақсаты – мегаполистегі ауа ластану деңгейін жүйелі түрде төмендету.

Мамандар деректеріне деректеріне сәйкес, қаланың жалпы шығарындыларының 60%-ы автокөліктердің кесірінен. Қалған бөлігі жеке тұрғын үй секторы мен өнеркәсіптік кәсіпорындар, моншалар, кәуапханалар, қоғамдық тамақтану және құрылыс нысандары сияқты стационарлық ластау көздерінің қызметімен байланысты”, – деді әкімдікте.

Олардың мәліметінше, бұл жоба қаланың жаңа экологиялық саясатын қалыптастырудың негізі болады. Оның аясында бірқатар нақты шараларды кезең-кезеңімен енгізу жоспарланып отыр:

  • стационарлық ластау көздерін жаңғырту,
  • экологиялық таза отын түрлеріне көшу,
  • және басқа да экологиялық тиімді технологияларды енгізу.

Жобаны жүзеге асыру Алматыдағы экологиялық жағдайды жақсартып, тұрғындар үшін өмір сүруге қолайлы орта қалыптастыруға мүмкіндік береді, – деп атап өтті жауаптылар.

Айта кетейік, өткен жылы Алматы агломерациясында 225,2 мың тоннадан астам ластаушы зат тіркелген, оның 84%-ы Алматы қаласының үлесіне тиесілі.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы