Алматыдағы тергеу изоляторында «азаптау камералары» бар – фейк
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚАЖ комитетінің төрағасы әділет генерал-майоры Жанат Ешмағамбетов брифинг барысында айтты.
Қылмыстық-атқару жүйесінің басты міндеті – сот шешімдерінің негізінде қамауға алынған барлық азаматтарды қамауда ұстаудың заңды жағдайларын және кепілдерінің сақталуын қамтамасыз ету.Қазіргі уақытта ақпараттық кеңістікте тергеу изоляторларында жасалған азаптаулар туралы жалған ақпарат жаппай таралып жатыр, - деді ол.
Жанат Ешмағамбетов ондай ақпарат шындыққа жанаспайтынын айтты.
Біз олардың шындыққа жатпайтынын, қоғамды адастырып, болып жатқан оқиғалардың нақты көрінісін бұрмалайтынын мәлімдейміз. Тіпті онымен қоймай, Қазақстанның сыртында жүргендер, Алматыдағы тергеу изоляторында «азаптау камералары» бар деген «фейк» хабар таратып жатыр.Бұл мүлде жалған және мүмкін емес ақпарат, - деді ол.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Сот 270 адамға қатысты бұлтартпау шараларын қолданды - ІІМ
Келесі жаңалық
Баспана сатып аларда нені ескеру керек
Өзгелердің жаңалығы