Алматыдағы Тастақ базары басқа ауданға көшіріледі

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Алмалы ауданының әкімі Серік Құсайынов аудан тұрғындарымен есептік кездесуінде айтты.

Тұрғындар аудан әкіміне сұрақ қою кезінде Тастақ ықшамауданындағы «Тұлпар» базарын қолайсыздық тудырып отырғанын айтып, оны жөнге келтіруді сұрады.

Құсайынов бұл базар төңірегіндегі мәселелер бұрыннан таныс екенін айта келе, көктемде бұл сауда орны басқа ауданға көшірілетінін айтты.

Бұл базардың маңы көптеген уақыттан бері реттелмеді. Биыл көктемде бұл базар басқа ауданға көшіріледі. Базар басшылығымен кездескенде олар базар орнына қазіргі үлгіге сай сауда орнын салуға сөз берді. Сондай-ақ сауда орын есебінен сол маңға абаттандыру жұмысы жүргізіледі,-деді Серік Құсайынов.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы