Алматыдағы тағы бір көшеде жауын салдарынан асфальт опырылып түсті

Алматыда асфальт пен арнайы техниканың опырылып түсуіне қатысты тағы бір жағдай орын алды. Бұл жолы Қордай көшесінде жұмыс істеп жатқан самосвал опырылып түсті, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Желіде жүк тиелген арнайы көлік ауа райының қолайсыздығынан асфальт астына түсіп кеткені көрінетін видео тарады.

Бұл жағдайға Медеу ауданы әкімдігі түсініктеме берді. Ведомствоның мәліметінше, аталған көшеде су құбыры желісін қайта жаңарту жұмыстары жүргізілуде. Жобаның тапсырыс берушісі – “Алматы Су” мемлекеттік мекемесі.

Ор қазылған жерді қайта көму барысында арнайы техниканың опырылып түсу оқиғасы орын алды. Оқиға орнына мамандар мен әкімдік қызметкерлері шықты. Қазіргі уақытта орды құм-қиыршықтас қоспасы мен балласты пайдалана отырып қайта көму жұмыстары жүргізілуде. Барлық жұмыс бақылауда. Қазіргі таңда магистральдық және абоненттік желілер аяқталды. Жұмыстардың ішінде тек қысыммен сынақ жүргізу, қолданыстағы желіге қосу және есептеу құралдарын орнату қалды. Параллель түрде асфальт төсеу жұмыстары жүргізілуде, жол жабындысы көліктер жүретін жолдың толық ені бойынша қалпына келтіріледі, – деді аудан әкімдігінде.

Жұмыстардың аяқталуы биылғы жылдың 15 қазанына дейін жоспарланған.

Айта кетейік, бұған дейін Алматыдағы Аманжол көшесінде жауын салдарынан көліктер жерге түсіп кеткен болатын. Әкімдік онда су және кәріз жүйелерін тарту жұмыстары жүргізілгеннен кейін асфальт төселмегенін мәлімдеген. Жол жабындысын қалпына келтіру сол көшеде жоспарланған газ құбырын тарту жұмыстарына байланысты уақытша кейінге қалдырылған

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы