Алматыдағы тағы бір ауданның бюджеті үш есеге жуық ұлғайды

Алматыдағы тағы бір ауданның бюджеті едәуір ұлғайды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Өз сөзінде әкім Ерболат Досаев Жетісу ауданының бюджеті үш есеге жуық, 18,1 млрд теңгеге дейін ұлғайтылғанын хабарлады.

Алдарында тұрған міндеттерді неғұрлым жедел әрі тиімді шешу үшін аудан әкімдіктерінің жауапкершілігін күшейту олардың материалдық және кадрлық әлеуетін арттырумен қатар жүреді. Мәселен, Жетісу ауданының бюджеті 3 есе дерлік ұлғайды. (6,3 млрд теңгеден 18,1 млрд теңгеге дейін), штат саны 19 адамға (36-дан 55 бірлікке дейін) көбейді, - деді қала басшысы.

Мәселен, децентрализациялау аясында Жетісу ауданының әкімдігі бюджеттік бағдарламаның әкімгері ретінде биыл 500 млн теңге сомасына
ауданы 30 мың м2 жолға ағымдағы жөндеу жүргізеді.

Шаһар басшысы ауданның экономикалық даму көрсеткіштеріне тоқталып өтті.

2023 жылдың I-ші тоқсанында оң динамиканы көрсетті. Өндіріс көлемі 15,8%-ке (80 млрд. теңге, үлесі – 16,2%), негізгі капиталға салынған инвестициялар 48%-ке өсті (15,1 млрд. теңге, үлесі – 6,1%). Көтерме сауда көлемі 138,2%-ке (892,8 млрд. теңге, үлесі – 26,1%) ұлғайды. Осы көрсеткіш бойынша аудан қалада 1-ші орынды иеленеді, - деді ол.

Ерболат Досаев ауданның негізгі проблемалары мен дамыту жоспарларына тоқталып өтті.

Маусым айында инженерлік желілерді модернизациялау бойынша 2 ірі жобаны бастауды жоспарлап отырмыз. Біріншісі – Кемел шағын ауданында ұзындығы 75,6 км 33 көшеде сумен қамту (79,5 км) және су бұру (71,4 км) желілерін салу. Екіншісі – ауданның 68 көшесінде 25,6 км сумен қамту желілерін реконструкциялау және 72 км су бұру желілерін салу, - деді Досаев.

Бүгінгі таңда мердігер ұйымдар анықталды. Құрылыс-монтаждау жұмыстары маусым айында басталып, 2024 жылдың II-ші тоқсанында аяқталады.

Бұл жобалар ауданның 10 мыңнан астам абонентін сапалы сумен және канализациямен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Көше жарығын модернизациялау шеңберінде биыл ұзындығы 11 км болатын, жартылай жарық орнатылған 101 көшеде жұмыс жүргізу жоспарлануда. Ұзындығы 52 км болатын тағы 42 көшеге жобалау-сметалық құжаттама әзірленеді. Аудан тұрғындарын мазалайтын ең өзекті мәселе – жол төсемінің жай-күйі. Биыл біз 18 көшеде 22 км жолға орташа жөндеу жұмыстарын жүргізуді жоспарлап отырмыз. Бұдан басқа ұзындығы 2,7 км болатын 10 учаскеде тротуарлар салынады. Жұмыстар маусым айында басталады. Қоғамдық көлікті дамыту – біз үшін басты басымдықтардың бірі. Жетісу ауданы тұрғындарының өтініші бойынша биыл 56, 123 және 17 маршруттар «Құлагер» дене шынықтыру-сауықтыру кешеніне дейін ұзартылды, - деп атап өтті қала басшысы.

Биыл тұрғындарға қызмет көрсету сапасы мен жайлылығын арттыру мақсатында қала бойынша қосымша 600 жаңа автобус сатып алу жоспарланып отыр. 

Жетісу ауданына қызмет көрсететін 14 маршруттағы автобустар саны 256-дан 281-ге дейін көбейеді. Қазіргі уақытта ауданда 3 светофор объектісін салу үшін жобалау-сметалық құжаттама әзірленуде (Солтүстік айналма көшесі – Боралдай көшесі; Солтүстік айналма көшесі – Постышев көшесі; Қазыбаев көшесі – Серіков көшесі). Жобалау-сметалық құжаттамасы – мамыр айында, құрылыс-монтаждау жұмыстары қараша айында аяқталады. Қазыбаев және Серіков көшелерінің қиылысында светофор объектісін салу жұмыстары шілде айының соңына дейін аяқталады. Сондай-ақ биыл 10 остановка пунктін жаңарту жоспарланған, - деді ол.

Жетісу ауданында адамдар көп жиналатын орындарда бейнемониторинг жүйелерінің желісін кеңейту жобасы бойынша жыл соңына дейін қосымша 750 камера орнату жоспарланып отыр. Сонымен қатар 2023 жылдың I-ші тоқсанында 85 «Сергек» кешенін орнату аяқталып, аудандағы бейнекамералар саны 171-ге жеткізілді. 

Қала басшысы әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту жоспарлары туралы да айтып өтті.

Ауданда бастапқы медициналық-санитариялық көмек объектілерінің тапшылығы қатты сезілуде. Осы мәселелерді шешу үшін Біз келесі шараларды іске асырамыз. Осы жылдың маусым айында Кемел шағын ауданында ауысымына 200 адам қабылдайтын отбасылық-дәрігерлік амбулатория пайдалануға беріледі. Өткен кездесулерде айтып өткенімдей, аудан әкімдігі Омаров көшесінде 200 келушіге, Нүсіпбеков көшесінде 300 келушіге және Рабочий посёлокта ауысымына 240 келушіге арналған емханалар үшін 3 ғимарат сатып алды. Осы жылдың маусым айында Нүсіпбеков және Омаров көшелеріндегі ғимараттарды күрделі жөндеу жұмыстарына конкурс жариялаймыз. Жөндеуді осы жылдың тамыз айында бастап, 2024 жылдың наурыз айында аяқтауды жоспарлап отырмыз. 2024 жылдың II-ші тоқсанына пайдалануға беріледі, - деді Досаев.

Рабочий посёлоктағы ғимарат бойынша сатып алу шарты жасалды. Емхананы осы жылдың IV-ші тоқсанында жөндеу жұмыстары мен жабдықтар сатып алынғаннан кейін ашу жоспарланып отыр.

Жетісу ауданының мектептеріндегі оқушы орындарының тапшылығына қатысты жағдай салыстырмалы түрде қолайлы (бүгінгі таңда тапшылық шамамен 3000 орынды құрайды). Халық санының өсуі мен аудандағы тұрғын үй құрылысының қарқынын ескере отырып, біз биыл «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы шеңберінде Боралдай көшесінде 1200 орындық бір жаңа мектептің құрылысын бастауды жоспарлап отырмыз. Сондай-ақ 148, 103 және 112 мектептерге 750 орындық қосымша құрылыс салу жұмыстары жүріп жатыр. 148-ші мектепке 300 орындық қосымша ғимараттың құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізілуде, 2023 жылдың III-ші тоқсанында аяқтау жоспарланып отыр. 103-ші мектепке 200 орындық (мердігер - Global Construction) және 112-ші мектепке 250 орындық қосымша ғимараттардың құрылыс-монтаждау жұмыстары бойынша (мердігер - Sheber Building) мердігер ұйымдар анықталды. Осы екі мектеп бойынша құрылыс жұмыстарын биыл маусым айында бастап, 2024 жылдың I-ші тоқсанында аяқтау жоспарланып отыр. Бұнымен қатар биыл маусым айында Айнабұлақ шағын ауданындағы 160 орындық балабақшаның құрылысы аяқталады, - деді ол.

Әкім жайлы қалалық орта. «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасындағы өзгерістерге қысқаша тоқталып өтті. 

Бұл жоба сіздердің оң пікірлеріңізді алды. Сондықтан мен биыл қосымша 7 млрд теңге бөлу туралы шешім қабылдадым. Соның ішінде Жетісу ауданына 875 млн теңге бөлінеді. Бұл қаражат сіздер бастама көтеріп отырған жобаларды көптеп іске асыруға мүмкіндік береді. Наурыз айында бағдарлама аясында алғашқы өтінімдер қабылданды. Аудан тұрғындарынан 120 өтінім түсті. Дауыс беру қорытындысы бойынша сіздер 3 226 дауыс берген 18 жоба орындалатын болады. Оның ішінде – қоқыс контейнерлерін қазып орнату (Құлагер, Көкжиек, Көкмайса шағын аудандары және т.б.); скверлер мен парктерді абаттандыру (Кемел шағын ауданы, Рысқұлов даңғылы – Гастелло көшесі); иттерді серуендетуге арналған алаң салу (Айнабұлақ-3 шағын ауданы) және басқа да жобалар бар. Бұл жобалар биыл іске асырылады. Көкжиек шағын ауданы тұрғындарының көптеген өтініштері бойынша парк аймағын абаттандыру және Есентай өзенінің бойындағы Черновцкая көшесіндегі жағалау аймағын жалғастыру жұмыстары жүргізілуде. Конкурсты осы жылдың маусым айында жариялау жоспарлануда. Жұмыстар осы жылдың III-ші тоқсанында басталады. Жыл соңына дейін Кемел шағын ауданындағы сквер, Көкмайса шағын ауданындағы Есентай өзені арнасының жағалауы абаттандырылады, - деді шаһар әкімі.

Досаев ТЖ кезінде су басатын учаскелер бойынша да жұмыс аяқталғанын атап өтті.

Төтенше жағдай шеңберінде ауданда үнемі су басатын 7 учаске анықталған болатын, оның 6-да жұмыстар аяқталды. Соңғы участок – Уссурийская көшесінің бойымен 2-ші Темір жол вокзалы мен Баум тоғайына дейінгі аралықта су бұру каналының құрылысы осы жылдың 15 маусымына дейін аяқталады. Сондай-ақ биылғы жылдың қаңтарынан бастап 27 көшеде 26,5 км арық желісін реконструкциялау және салу жұмыстары жүргізілуде. Жұмыстар 2024 жылдың IІІ-ші тоқсанына дейін толығымен аяқталады, - деді ол.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы