9 Қазан 2026, 02:34
Фото: BAQ.KZ архиві/Арман Мухатов
Алматыдағы SPA-орталықта өрт шықты
Қазір өрттің шығу себебі анықталып жатыр.
Алматының Медеу ауданындағы Самал-2 шағын ауданында екі қабатты SPA-орталықтан өрт шықты.
«112» пультіне кешкі уақытта түскен хабарлама бойынша оқиға орнына Төтенше жағдайлар министрлігінің күштері жіберілді. Құтқарушылар келген кезде ғимараттың бірінші қабатындағы бу бөлмесінде өрт болғаны анықталды. Екінші қабатта ашық жалынсыз түтін байқалған.
Өрт сөндірушілер жоғары температураға қарамастан, жалынды жедел сөндірді. Өрттен зардап шеккендер жоқ.
Қазір өрттің шығу себебі анықталып жатыр.