Алматыдағы сот: Автобус жүргізушісі расымен есінен танып қалған ба?
Алматыда үш адамның өмірін қиған автобус апатына қатысты қылмыстық іс бойынша сот отырысы онлайн форматта өтіп жатыр, деп хабарлайды қаладағы BAQ.KZ тілшісі.
Сотталушының адвокаты автобус жүргізушісі соққы алғаннан кейін бірден есінен танып қалмауы мүмкін екенін атап өтті.
Автобус сотталушы жүргізушіні ұрғанына 11-12 секунд өткеннен кейін 3 адамды қақты. Сараптама мамандары автобус жүргізушісінің сол сәтте есінен танған, танбағанын анықтаса. Ахметжановтың ұрғанынан адамдар қаза тапқан жоқ. Автобус мыжып кеткендіктен, адамдар қайтыс болды. Жүргізуші есінен танбағанда адамдар аман қалар еді. Бірақ ол кісі адамдарды аман алып қалуға әрекет жасаған жоқ, – дейді адвокат.
Прокурор өткен сот отырысында қорғаушының өтініш тілек хатына тоқталып өтті.
Жүргізуші Шөкебаеваның сотталушының соққысынан кейін расымен танып қалғанын немесе өтірік талғанын анықтау сұралған. Жәбірленуші Шөкебаева өзінің жауаптарында сотталушы соққысынан есінен танып, қоғамдық көлікті басқара алмағанын айтқан. Оның көрсетулері - оқиға орнынан алған бейнежазбалармен және куәгерлермен айқындалады. Оған қоса, сарапшы маман сотталушының соққыларынан кейін Шөкебаевада есінен тану белгілерінің бар екенін нақтылап көрсетіп берді, – дейді прокурор.