22 Қазан 2023 2023, 09:45

Алматыдағы скверге Ататүрік атауы берілуі мүмкін

Алматы қаласындағы атауы жоқ скверге Ататүріктің есімі берілуі мүмкін, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Алматы қаласындағы атауы жоқ скверге Ататүріктің есімі берілуі мүмкін, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Алматы қаласы, Бостандық ауданы, Әл-Фараби даңғылының оңтүстігі, С.Сейфуллин даңғылының шығысы мекенжайындағы, "Халық банкі" мен "Almaty Theatre" ғимараттарының арасындағы атауы жоқ скверге "Ататүрік сквері" атауы берілсін", - делінген Ашық НҚА порталында жарияланған әкімдік пен қала мәслихатының бірлескен шешім-жобасында.

Құжат қала әкімі мен мәслихат төрағасы қол қойып, алғашқы ресми жарияланғаннан 10 күн өтіп күшіне енеді.

Шешім-жобасы 3 қарашаға дейін көпшілік талқылауда болады.