Алматыдағы сейсмикалық жаттығуға 500 мыңнан астам адам қатысты

Сейсмикалық оқу-жаттығудың негізгі мақсаты – қала тұрғындарының төтенше жағдай кезіндегі іс-қимылдарға дайындық деңгейін арттыру, тұрғындар эвакуациялау жолдарын, қауіпсіз жерлерді алдын ала анықтап, апаттық чемодандарды дайындау, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл сейсмикалық жаттығуда басты назарды тұрғын үй кешендерінің тұрғындарына, мүлік иелерінің бірлестігі өкілдеріне, көпқабатты үйлердің ПИК өкілдеріне ақпараттандыру бойынша назар аудырылған. Сонымен қатар, оларға «Whatsapp» мессенджерлері арқылы тұрғындарға осы ұсыныстарды тарату ұсынылды.

Қала тұрғындарының назарына жер сілкінісі кезіндегі бірінші кезектегі іс-қимылдар және дабыл сандығын дайындау, халықты қабылдау пункттеріне дейін эвакуациялау жолдары туралы негізгі ережелер жеткізілді.

Қалада шартты түрде баспанасыз қалған адамдарғы 384 қабылдау пункті іс жүзінде орналастырылды. Баспанасыз қалған зардап шеккен халықты қабылдаудың 384 пункті туралы толық ақпарат іздеу үшін 2ГИС жүктемесінде «зардап шеккен халықты қабылдау пункттері» сөздерді енгізу қажет, сондай-ақ Алматы ТЖД мен әкімдіктің ресми сайттарында орналастырылған. 

Аталған бекеттер халықты жинауға, тіркеуге, уақытша орналастыруды, зардап шеккен халықты қажетті заттармен (су, тамақ, азық-түлік) қамтамасыз етуге, көлікке отырғызып және қауіпсіз аудандарға эвакуациялауға арналған.

Айта кету керек, ТЖД қалалық курстарында жыл сайын әртүрлі санаттағы 1,5 мыңнан астам тыңдаушы (әкімдіктердің, білім беру, денсаулық сақтау объектілерінің, санаттағы ұйымдардың) тегін түрде оқытылады. Қаланың мектептерінде, гимназияларында 300 мыңнан астам оқушыны қамтуымен интерактивті сабақтар өткізілді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Алматы қаласының ТЖД
Өзгелердің жаңалығы