Алматыдағы «Самал-2» шағын ауданында 28 қабатты үй салынады деген жалған

Алматы, BAQ.KZ. Алматы қаласы Жоспарлау және урбанистика басқармасы қаладағы «Самал-2» шағын ауданында 28 қабатты тұрғын үйдің құрылысына жол берілмейтінін мәлімдеді.

Бұған дейін осы ауданда тұратын тұрғындар көпқабатты үйді салуға келіспейтіндерін айтып, наразылық танытқан. Алайда бүгін қала әкімдігі көпқабатты үйлердің құрылысы туралы тараған ақпараттың шындыққа жанаспайтынын хабарлады. Достық даңғылы, 91в мекен жайындағы учаске заңды тұлғаға жеке меншік құқығымен тиесілі. Жер учаскесінің нысаналы мақсаты: тұрғын емес үй-жайларды пайдалану және қызмет көрсету үшін бұл көппәтерлі тұрғын кешені құрылысына рұқсат беру құжаты болып табылмайды, - делінген әкімдік таратқан мәлімдемеде.

Сондай-ақ учаскенің меншік иесі жобалау алдындағы құжаттаманы алу үшін қалалық Жоспарлау және урбанистика басқармасына жүгінбегені айтылады.


Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы