6 Ақпан 2023 2023, 22:08
Фото: Алматы ТЖД
Алматыдағы «Сәлем» базарынан өрт шықты
Алматыда «Сәлем» базарындағы өрт сөндіріліп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ Төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап.
Алматыда «Сәлем» базарындағы өрт сөндіріліп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ Төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап.
6 ақпанда сағат 21.09-да Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің күштері мен құралдары Жетісу ауданы, Бөкейханов көшесі , 508 а мекен-жайында орналасқан «Сәлем» базарының аумағындағы екі қабатты контейнерлер өртеніп жатқанын анықтады, - делінген хабарламада.
Алдын ала мәлімет бойынша, 120 ш.м. Көрші контейнерлерді сөндіру және қорғау үшін өрт саптамалары енгізілді.
Оқшаулауға 21.42-де қол жеткізілгені белгілі болды. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.