Алматыдағы қоғамдық көлікте әйелді ұрған ер адам қамауға алынды
Алматы қаласының полициясы қоғамдық көлікте әйелді ұрған 66 жастағы жергілікті тұрғынды ұстады, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.
Ер адам қоғамдық көлікте телефонмен қатты сөйлескен әйелді ұрып жіберген. Оқиға Төле би мен Тұрғыт Өзал көшелерінің қиылысында №126 автобуста болған.
Аталған жағдайға қатысты Алматы қаласының Полиция департаментінің баспасөз қызметі пікір білдірді.
Әйелдің дауысын қатты шығарып сөйлегеніне наразы болған жолаушы оның денесіне зақым келтірген. Бұзақылық дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр, - деді Алматы қаласы Полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Димаштың Дюссельдорфтағы Stranger шоуы аншлаг жинады
Келесі жаңалық
Жетісуда спорт саласына артық қаржы жұмсалған
Өзгелердің жаңалығы